«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы (2026.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

6. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған бірінші санаттағы төлем ұйымы бұрын басталған төлем қызметтерін көрсету мен жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

7. Лицензиясынан айырылған не лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған бірінші санаттағы төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсетуге құқылы емес.

8. Бірінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымының қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік қайта тіркеу жəне атауында «төлем ұйымы» деген сөздер болған кезде атауын өзгерту рəсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

 

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-бап. Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеу

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің тіркеу нөмірі болған кезде екінші санаттағы төлем ұйымы ретінде төлем қызметтерін көрсетуге құқылы.

Екінші санаттағы төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу мен бақылау мақсатында жүзеге асырылады жəне төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуі кезінде міндетті шарт болып саналады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мыналарды ұсынады:

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді (шетелдік білім беру ұйымдары берсе, дипломның (дипломдардың) жəне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтініш;

2) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

3) жарғы;

4) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжат;

5) штатта ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді əкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жəне комплаенс-бақылау қызметі басшысының немесе комплаенс-бақылау жүргізу жүктелетін өзге де адамның бар екенін (жұмысқа қабылданғанын) растайтын мəліметтер мен құжаттар;

6) төлем ұйымдары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары;

7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.

Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлғаның есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішін осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлға есептік тіркеуден өткен кезде екінші санаттағы төлем ұйымының тіркеу нөмірін береді, төлем ұйымдарының тізілімінде жазба жасайды, екінші санаттағы төлем ұйымына осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде есептік тіркеуден өткені туралы тіркеу нөмірін көрсете отырып, «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен хабарлама жібереді.

Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлғаға осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен есептік тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді..

5. Есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Екінші санаттағы төлем ұйымы екінші санаттағы төлем ұйымы туралы ақпаратты ұсыну кезінде өзінің тіркеу нөмірін көрсетуге міндетті.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Екінші санаттағы төлем ұйымы есептік тіркеу жүргізуге негіз болған құжаттарға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы осы өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды.

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын жəне (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар екінші санаттағы төлем ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелене жəне (немесе) пайдалана алмайды жəне (немесе) оларға билік ете алмайды.

Екінші санаттағы төлем ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама түрде иелену не жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру) екінші санаттағы төлем ұйымына қатысушы заңды тұлғаның шешімдерін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иелену (дауыс беру) арқылы айқындауға мүмкіндік береді.

 

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту негіздері

1. Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден:

1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс мəліметтер толық жəне (немесе) анық ұсынылмаған;

2) құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе құжаттар осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес келмеген;

3) екінші санаттағы төлем ұйымы атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сəйкес келмеген;

4) екінші санаттағы төлем ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінбеген;

5) екінші санаттағы төлем ұйымының құрылтайшысы (ірі қатысушысы) осы Заңның 19-1-бабында белгіленген талаптарға сəйкес келмеген;

6) осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын лицензиясынан айырылған немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) жəне 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылған төлем ұйымының есептік тіркеу үшін құжаттары ұсынылған жағдайларда бас тартылады.

2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлға екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өзінің атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Екінші санаттағы төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта берілген өтінішті он жұмыс күні ішінде қарайды.

 

18-бап. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауға негіздер

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Екінші санаттағы төлем ұйымы:

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілетін төлем қызметтері туралы мəліметтерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мəліметтерді толық жəне (немесе) анық ұсынбаған;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдауға əсер ететін, осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс анық емес мəліметтерді ұсынған;

3) Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы жəне (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзған;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамаған;

4) төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген төлем ұйымы қатарынан күнтізбелік алты ай бойы төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;

5) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген мəн-жайлар анықталған;

6) төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енген;

7) төлем ұйымы қызметінің тоқтатылғаны туралы мəліметтер Бизнес-сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген;

8) төлем ұйымы қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады. Бұл ретте төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен шығару туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындайды. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелердің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;

9) төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексеру жүргізуге кедергі келтірген не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқамаларын орындамаған;

10) төлем қызметтерін көрсетуден бас тарту көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, мұндай бас тарту болғанда төлем ұйымының өтініші келіп түскен;

11) осы Заңның талаптарына сəйкес төлем ұйымдары үшін тыйым салынған қызметті жүзеге асырған жағдайларда, төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алып тасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты төлем ұйымын жазбаша хабардар етеді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Хабарлама төлем ұйымының орналасқан жері не есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау бұл шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Екінші санаттағы төлем ұйымына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзін төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады.

Екінші санаттағы төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымдарының тізілімінен шығару туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

5. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында «төлем ұйымы» деген сөздер болған кезде оны өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

 

19-бап. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар

1. Төлем ұйымының атқарушы органы басшысының жоғары білімі болуға тиіс.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мынадай:

1) банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оны лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) бұрын төлем ұйымының атқарушы органының басшысы, құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылғанға немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) жəне 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған;

3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамды төлем ұйымының атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, егер:

1) адам осы баптың талаптарына сай келмесе;

2) төлем ұйымы төлем ұйымының атқарушы органының басшысы туралы анық емес мәліметтер не жалған құжаттар берсе, төлем ұйымы атқарушы органының басшысын ауыстыру туралы нұсқама шығарады.

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.

 

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары

Мыналарды:

1) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы не қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар адамдарды;

2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі;

3) уəкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған;

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, осы Заңның 15-5-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылғанға немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) жəне 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы жəне (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы жəне (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған;

5) тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар адамдарды қоспағанда, жеке, заңды тұлғалар жəне заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.

 

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

19-2-бап. Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі

1. Бірінші санаттағы төлем ұйымы тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:

1) басқару органының (бар болса), атқарушы органның, бөлімшелердің тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;

2) тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рəсімдер;

3) төлем ұйымының органдарына тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рəсімдері;

4) тəуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттары қамтылуға тиіс.

Бірінші санаттағы төлем ұйымдары үшін тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

Бірінші санаттағы төлем ұйымының басқару органы бірінші санаттағы төлем ұйымында корпоративтік басқару жүйесін ендіру мен оның жұмыс істеу тиімділігін бақылайды жəне қамтамасыз етеді.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сəйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

3. Бірінші санаттағы төлем ұйымдары өздерінің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі бақылау қызметін құра алады.

4. Ішкі бақылау қызметінің жұмыс тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ бірінші санаттағы төлем ұйымдарының ішкі қызметін реттейтін қағидаларда, ережелерде жəне өзге құжаттарда айқындалады.

 

2026.23.07. № 352-VIII ҚР Заңымен 19-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)

19-3-бап. Бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымына қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолданған жағдайда төлем ұйымының қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары болуы міндетті.

Бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарында:

бірінші санаттағы төлем ұйымы, ірі қатысушылар қабылдайтын бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар, көрсетілген шараларды қаржыландыру көздері, оның ішінде қосымша капиталдандыру түріндегі қаржыландыру көздері жəне оларды іске асыру мерзімдері;

қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерлерді бекіту көзделеді.

Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын бірінші санаттағы төлем ұйымының басқару органы бекітеді жəне ол ірі қатысушылармен келісіледі.

Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспары жаңартылып отыруға тиіс жəне бірінші санаттағы төлем ұйымы оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ кез келген мынадай:

ірі қатысушылардың құрамы өзгерген;

бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығына едəуір əсер етуі мүмкін жəне (немесе) басқа себептер бойынша қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігіне алып келетін, жүзеге асырылатын қызмет түрлері жəне (немесе) ауқымы өзгерген жағдайларда жылына кемінде бір рет жібереді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының тиімділігіне бағалау жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ескертулері жəне (немесе) ұсыныстары болған кезде бірінші санаттағы төлем ұйымы қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарын пысықтауға міндетті.

Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жоспарында бірінші санаттағы төлем ұйымының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру үшін мемлекеттік қаражатты пайдалану көзделмеуге тиіс жəне он екі айдан асатын іске асыру мерзімі көзделмейді.